Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 17 °С
USD 341.18 EUR 392.97
RUB 5.34 CNY 52.50
Жаңалықтар

Елорданың көшесіне парсы ақыны Рудакидің есімі берілді

2018 жылғы 14 наурыз 02:24 1270
Бөлісіңіз:
Елорданың көшесіне парсы ақыны Рудакидің есімі берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар №179 көшенің атауын ауыстыру ұсынысын бірауыздан қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

«Астана әкімдігінің ономастикалық комиссиясына ҚР Сыртқы істер министрлігінен елорда көшелерінің біріне парсы ғалымы Әбу Абдаллах Рудакидің есімін беру туралы хат түсті. Бұл екі мемлекеттің (Қазақстан мен Тәжікстан - автор) достық қарым-қатынасын нығайтуға мүмкіндік береді.  Айта кетейік, Тәжікстан астанасы - Душанбеде қазақтың ғұлама ойшылы Абайдың атында көше бар. Ол - Душанбенің орталық бөлігінде орналасқан», - деді мәслихат сессиясында Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев.

Оның айтуынша, елорда көшелерінің біріне Рудаки есімін беру Астананың ономастикалық комиссиясы мен ҚР үкіметі жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның отырыстарында қаралды.

«Астана әкімдігі Алматы ауданында орналасқан №179 көшенің атауын өзгертуді ұсынып отыр. Ол - Б.Майлин көшесінен басталып, Б.Момышұлы көшесіне дейін жалғасады. Мұнда №51 мектеп-гимназиясы, №6 қалалық емхана, әкімшілік ғимараттар мен тұрғын нысандары орналасқан», - деді басқарма басшысы.

Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, осылайша №179 көшеге Әбу Абдаллах Рудаки есімі берілді.

 

 


Басты сөздер: Астана, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат