Елорданың көпбейінді №1 ауруханасы штаттық жұмысына кірісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық көпбейінді №1 ауруханасы штаттық жұмыс режиміне көшті. Өйткені, бүгін осы ауруханада ашылған стационардан коронавирус індетін жұқтырған соңғы пациент емделіп шыққан еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін өкпенің екіжақты қабынуымен түскен соңғы пациент жазылып шықты. Өзін жақсы сезінеді. Тәулік бойы қызмет көрсеткен қызметкерлерімізге және ұжымымызға ризашылығын білдіріп отыр. Жүктеме өте үлкен болды. Соған қарамастан, барлығы да жұдырықтай жұмылған ұжым бола білді. Бүгіннен бастап стационарымыз штаттық режимде жұмыс істеуге көшті. Стационардың барлық қызметкері алдын ала тексеруден (коронавирусқа тест - ред) өтті. Бақытымызға орай, нәтижелері теріс болып шықты», - деді аталған аурухана бас директорының міндетін атқарушы Марат Әбдуов.


Сонымен қатар ол коронавирус инфекциясының екінші толқыны орын алған жағдайда стационар кез-келген уақытта инфекциялық режимде жұмыс істеуге дайын екендігін баса айтты.

«Жасанды тыныс алу аппаратына қатысты еш проблема болған емес. Дәрі-дәрмек тапшылығын да айтарлықтай байқай қойған жоқпыз. Шілде айында Ресейден мамандар келіп, мол тәжірибелерімен бөлісіп кетті. Олармен барлық мәселелерді жіті талқыладық», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар