Елорданың коммуналдық қызметтері нөсер салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың коммуналдық қызметтері нөсердің салдарын жедел түрде жою үстінде. Бұл жайлы елорда әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева өзінің Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эльвира Жүргенбаева хабарлағандай, қаланың коммуналдық қызметтері қазіргі уақытта жұмыстарын күшейтілген тәртіпте жүргізіп жатыр.

«Елорда көшелерінде барлығы үйлесімді түрде мамандандырылған 10 арнайы техника нөсердің салдарын жоюда. Нақтырақ айтқанда, «Есіл» ауданына техникалардың 41-і, «Байқоңыр» ауданына 21-і, «Алматы» ауданына 26-ы, «Сарыарқа» ауданына 14-і жұмылдырылған», - делінген хабарламада.

Коммуналдық қызметтердің өкілдері уәде беріп отырғандай, қатты нөсердің салдары жауын қайта басталмаған жағдайда екі сағаттың ішінде ретке келтірілмек.

«Қала тұрғындарына жолдардағы техникаларға түсіністікпен қарап, маршрутты алдын ала жоспарлап алуларын сұраймыз», - дейді Эльвира Жүргенбаева.

nullnull

Соңғы жаңалықтар