Елорданың коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режіміне көшті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қар жауып, көктайғақ болуына байланысты қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режіміне ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Астанада қар жауып, көктайғақ болуына байланысты көшені тазалауға және қолайсыз ауа райының салдарын жоюға 100-ден астам арнайы техника шығарылды. Соның ішінде, «Алматы» ауданы бойынша - 20, «Байқоңыр» ауданы бойынша - 7, «Есіл» ауданы бойынша - 32 және «Сарыарқа» ауданы бойынша - 32 бірлік», - делінген әкімдіктің сайтында.

Аталған көлік түрлерінің ішінде көшені сыпырып-жинайтын машиналар, тротуарларды тазалайтын техника, құм себетін, шнекоротор, автогрейдерлер мен қар тасымалдайтын техника, фронтальды тиегіш пен жүктерді өзі түсіретін көліктер бар. Бұдан бөлек қарды қолмен тазалауға 213 коммуналдық қызмет жұмысшысы тартылды.

Айта кетсек, Қазгидромет республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталып, жауын-шашын болып, оның ішінде Ақмола облысында тұман мен көктайғақ болатынын да ескерткен болатын.

Соңғы жаңалықтар