Елорданың қоғамдық көліктерінде Ashyq жүйесі енгізіле ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктері Ashyq жүйесімен жұмыс істеуі мүмкін бе? Бұл сұраққа CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық көлік қызметіне Ashyq жүйесін енгізу республикалық деңгейдегі мәселе деп ойлаймын, себебі оны енгізу қиынға соғады. Егер санаулы секундтың ішінде жүзеге асса, онда енгізуге болады. Мысалы, бір жолаушының Ashyq жүйесі жасыл түсті көрсетем дегенше қалған жолаушылар күтіп тұрады. Сондықтан жүйені іске қосудың оңтайлы әдісі жасалса, қоғамдық көліктерде Ashyq-ты енгізу жағын қарастыруға болады», - Бекмырза Игенбердинов тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік ақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі.

Сондай-ақ, елордада қоғамдық көлік ақысын төлемей жүретін жолаушылардың үлесі туралы айтылды.

Айта кетейік, елордада қоғамдық көлік ақысын төлеу көлік картасы және смартфонның көмегімен QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асырылады. Бүгінде Астанада автобустың құны 90 теңге тұрады.


Соңғы жаңалықтар