+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Елорданың кейбір мекемелерінде әлі де кальян ұсынылады

2021 жылғы 15 сәуір 07:40
Бөлісіңіз:
Елорданың кейбір мекемелерінде әлі де кальян ұсынылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанның мобильді топтары кәсіпкерлік субъектілерінде карантин режимін бұзуын анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеу 30 мамырға дейін ұзартылды «Жасыл» аймақтағы Маңғыстау облысында карантин жеңілдетілді Түркістан облысында «Ashyq» жобасына қатысуға 150-ге жуық кәсіпкер өтінім берген

Ондағы деректерге қарағанда, коронавирус инфекциясының таралу қаупіне қарамастан кейбір мекемелер тиісті талаптарды жүйелі түрде бұзып келеді.

Мәселен, өткен түнде мобильді топтар «Kalyandeli» мекемесінде кальян шегу фактісін тіркеді. Есіл ауданында орналасқан кальян иелерінен түсіндірме алынды. Әкімшілік шаралар қабылдау үшін олар Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына шақырылды.

Айта кетейік, бір күн бұрын мобильді топтар келушілерге кальян шегу бойынша қызмет көрсететін бірнеше тамақтану орнын анықтаған болатын.

Карантин режимін сақтамаған Сарыарқа ауданында орналасқан «Jj Кинорумы» да жауапқа тартылды.

Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймаққа» енгеніне бір айдан аса уақыт болды. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері карантин шаралары мен санитарлық нормаларды толықтай сақтауы тиіс, бұл қауіпті вирустың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, елорда тұрғындарын КВИ-ге қарсы жаппай вакциналау жүргізілуде. Бұл ұжымдық иммунитетті арттырып, өмірдің қалыпты жағдайына оралуына көмектеседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT