18:58, 07 Қазан 2017 | GMT +6
Елорданың кейбір көшелеріндегі қозғалысқа шектеу қойылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік жүретін жол бөлігін кеңейту және қайта жайластыру жұмыстарына байланысты Астананың кейбір көшелерінде автокөлік қозғалысына толық және ішінара шектеу енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы .
«ЖРК құрылысы аумағын дайындау барысында Қалдаяқов көшесінің көлік жүретін бөлігін кеңейту және инженерлік желілерін қайта жайластыру жұмыстарына байланысты қазан айының 7-сі мен 18-і аралығында, Тәуелсіздік даңғылы мен Қалдаяқов көшесінің киылысында қозғалысқа толықтай, қазан айының 7-сінен соңына дейін Қалдаяқов көшесінің Тауелсіздік даңғылы мен Нәжмеденов көшесіне, М-3 көпіріне дейінгі аралығындағы қозғалысқа ішінара шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.