Елорданың қай көшелерінде ақылы көлік тұрақтары ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың бірқатар көшесінде ақылы көлік тұрақтарын ашу жоспарланған. Бұл жайында «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС-нің басшысы Шыңғыс Досыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында 10 мың ақылы тұрақты ашуды жоспарлаған едік. Бүгінде оның 487-сі Нұржол желек жолында ашуға дайын тұр. Мұнан бөлек, Сарыарқа ауданының Бөгенбай батыр, Республика даңғылдарында, жағалау мен Сарыарұа даңғылында да қосымша орындар іске қосуға дайын», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің отырысында.

Оның атап өтуінше, Алматы ауданында ақылы тұрақтар Тәуелсіздік даңғылында, Мұңайтасов, Жұмабаев, Момышұлы көшелерінде ашылады.

«Ал Байқоңыр ауданында «Астаналық», «Шапағат», «Әсем» базарлары ауданында ғана ашуға дайынбыз. Сол жағалауда Сығанақ, Сарайшық, Мәңгілік ел, Тұран көшелерін қарастырып отырмыз. Жалпы, аталған аудандардағы жаңа ақылы тұрақ орындары – 5 мың. Нұржол жиек жолында жұмыс істеп тұрған 500 орынды қоссақ, ақылы тұрақтардың саны 5 500 жетеді», - деді Шыңғыс Досыбаев.


Соңғы жаңалықтар