Елорданың кәсіподақтық ұйымдары еңбек және әлеуметтік қорғау бойынша өз міндеттерін орындап отыр - кәсіподақтар кеңесінің төрағасы

None
None
АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында өткен семинар-кеңеске қатысушылар елорданың кәсіпорындарындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарының сақталу мәселелерін талқылады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты - жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы теңдіктің сақталу принциптері, ұжымдық келісімшарт жасау тәртібі, еңбек қатынастарын реттеу.

Алқалы жиын барысында сөз алған Астана қалалық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев «Біз жұмысшылардың конституциялық және еңбек құқығын білгендіктерін қалаймыз. 90-шы жылдары кәсіподақтар елімізде орын алған өзгерістерге орай абыржып қалған еді. Ал қазіргі уақытта олардың қызметі үшін құқықтық негіз қалыптасып отыр. Еңбек кодексінде кәсіподақтардың ролі  жұмысшылардың өкілі ретінде анықталған. Осыған орай соңғы жылдары республикада кәсіподақ қозғалыстарының қайта жандану үрдісі байқалады», деді.

 Сонымен қатар ол алғашқы кәсіподақтық ұйымдар қазіргі уақытта азаматтарды еңбек  және әлеуметтік қорғау бойынша өз міндеттерін толығымен орындап отырғандығын атап өтті.  Оның айтуынша, бүгінгі күні елордада 300-ге жуық үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Оның 70-і жастар проблемаларымен, 20-сы әйелдер мәселесімен  айналысса, 27-сі құқық қорғау қызметімен айналысады екен.

«Қазіргі уақытта жұмысшылар жұмыс берушілердің іс-әрекетіне байланысты жиі шағымданады. Осы орайда біз туындаған мәселелерді заңнама шеңберінде шешуге тырысамыз», деді. С.Мыңбаев.

Соңғы жаңалықтар