Елорданың іргесіндегі елді мекендерде дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында коронавирус инфекциясының тарауының алдын алу мақсатында карантинге алынған елорданың іргесіндегі елді-мекендерде дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жаппай дезинфекциялау жұмыстары адамдар көп жиналатын ХҚО, базар, әлеуметтік нысандар сияқты қоғамдық орындарда қолға алынған.

Целиноград ауданы әкімдігінен атап өткендей, санитарлық тазалық пен дезинфекциялау жұмыстары барлық нысандарда жүргізілетін болады.

«Алма Ел» ЖШС арнайы бригадасы тұрғын үйлерді дизенфекциялады. Тұрғын үйлердің кіре берісі ғана емес, пәтер іші де өңделуде. Бүгінгі күні Қосшы ауылында тұрғын үйлердің 415 кіреберісі дезинфекцияланды. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытында үйлердің кіреберісі, есіктер, лифті, баспалдақ, терезе «Ремедин окси» препаратымен өңделді. Бұл ерітінді әмбебап және аллергия тудырмайды», - дейді Целиноград ауданы әкімдігінен.

Кәсіпорын бір аптаның ішінде қайтара дезинфекциялау жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, аудан орталығы – Ақмол ауылы және өзге елді мекендерде де сантиралық өңдеу шаралары қолға алынады.


Соңғы жаңалықтар