Елорданың Есіл ауданындағы екі полигон қарға толып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Есіл ауданындағы екі полигон қарға толып, жабылып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазіргі таңда 4 ауданға тиесілі 4 полигон жұмыс істеп тұр. Есіл ауданындағы 2 полигон қарға толып, оларды жауып тастадық», - деп жауап берді ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына қалалық әкімдіктен.

Әкімдік берген мәліметке сәйкес, қалада барлығы жалпы 1700-ге жуық техника мен 1000-ға жуық жұмысшы еңбектенуде. Қазіргі таңда олар 3 аусымда жұмыс істеп жатыр. Әр аудан өз аумағына қарай күніне шамамен 200-дей техника мен 40-50 жұмысшыдан шығарып отырады.

Нұр-Сұлтан әкімдігі сондай-ақ, «Астана Молл» ОСО-ның артындағы бос орынға қар үйіліп жатыр» деген қала тұрғындарының шағымына жауап берді.

«Астана Молл» ОСО-ға қарды апарып төгуге сол кездегі ауа-райының қолайсыздығынан техниканың полигонга кіре алмағаны себеп болған. Ол жердегі қар жақын арада міндетті түрде қар төгетін полигонга шығарылады», - деп хабарлады әкімдіктен.


Соңғы жаңалықтар