Елорданың ең сұлу аруы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Астана Аруы - 2019» байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сұлулық байқауының жеңімпазы - Айзада Хабиболла.

«Астана Аруы-2019» байқауының жеңімпазына «Астана Аруы-2018» байқауының жеңімпазы тәжін сыйлады.

«Бұл байқауда қатысушылардың әр қырын бағаладық. Біреуі көркімен, біреуі ақылымен, енді бірі харизмасымен ерекшеленді. Бұл байқау жалғасын таба берсін, дами берсін»,- дейді әділқазылар алқасының мүшесі Серік Сәпиев.

Еске сала кетсек, бүгін елордада «Астана Аруы 2019» байқауы өтіп жатқанын жазған болатынбыз.

Нұр-Сұлтан қаласының басты аруы титулына 19-24 жас аралығындағы 583 бойжеткен үмітті болып, финалға 19 қыз іріктелді.

Фото: www.instagram.com/misskazakhstan_official

Соңғы жаңалықтар