Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Елорданың емханаларын миллиондарға «сан соқтыратындар» кімдер

2018 жылғы 11 шілде 14:34 219
Бөлісіңіз:
Елорданың емханаларын миллиондарға «сан соқтыратындар» кімдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың емханалары жыл сайын жалған анықтамалардың сатылуы салдарынан 25 миллион теңгеден қағылады. Бұл туралы бүгін «Астана - адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Жазира Жылқышиева медицина саласын жаңғырту мәселері жөніндегі семинар-кеңесте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрмыстық жемқорлықты төмендету мақсатында жоба жалған медициналық анықтама беру процесіне сараптама жүргізді. Бүгінде заңсыз қызмет көрсету жөніндегі хабарламалар жарнамалық және әлеуметтік желілерде еркін орналастырылады. Азаматтардың медициналық тексеруден өтпестен-ақ мұндай құжаттарды пайдалануы аталған анықтамаларды сатып алған азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірумен қатар білім беру, қоғамдық тамақтану ұйымдары сияқты әлеуметтік маңызы бар салалардың қауіпсіз қызмет көрсетуіне де кері әсерін тигізеді»,-  деді ол.

Оның айтуынша, аталған ұйымдармен «құпия сатып алушы» әдісімен жүргізілген шаралар барысында жалған медициналық анықтамалар беретіндер анықталып, ақпараттар Сыбайлас жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының қалалық департаментіне жолданған.

«Жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 12 мамыр күні жалған медициналық құжаттарды дайындаумен айналысатын топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді. Ең төменгі есептеулерге сәйкес анықталған бір фактінің өзінде ғана елорданың емханалары жылына 25 млн теңгеден астам қаржыдан қағылып отырған. Ал бұл қаражатты пациенттерге жайлы жағдай жасауға, сонымен қатар медициналық мекеме қызметкерлеріне сыйақы төлеуге жұмсауға болар еді», - деді Жазира Жылқышиева.

Осы ретте жоба жетекшісі медициналық анықтамалар ұсыну саласындағы проблемаларды кешенді шешу мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау министрліктеріне анықтамаларды, санитарлық кітапшаларды беру процесін автоматтандыру қызметінің шекті құнын белгілеу бойынша ұсыныс енгізілгендігін айтты.

 Сонымен қатар жұмыс беруші жұмысқа қабылданатын адам ұсынған медициналық анықтаманың жалған еместігін тексеруге міндеттелмек.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Медицина, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT