Елорданың елтаңбасы мен туын өзгерту ұсынылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Депутаттар елорда елтаңбасы мен туын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық мәслихатына сілтеме жасап.

Өзгерту жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды , жоба бойынша жария талқылау төртінші қазанға дейін жалғасады. Жобада авторлар Астананың туы мен елтаңбасын өзгертуді ұсынып отыр.

Елорда мәслихатында 2019 жылдың мамыр айында бекітілген Нұр-Сұлтан символдарын сипаттамаға сәйкес келетін жаңа рәміздерге ауыстыруды ұсынып жатыр.

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының, «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығының негізінде, Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасын және оларды пайдалану тәртібін сәйкестендіру қажет», - делінген Мәслихаттың түсіндірмесінде.


Соңғы жаңалықтар