Елорданың елді мекендері жоғары жылдамдықты интернетке қосыла бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Көктал-2» жеке секторы Gpon технологиясы бойынша 500 Мбит/с-ке дейін жететін жылдамдықпен цифрлық теледидар мен жоғары жылдамдықты интернетке қосылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана әкімдігінің мәліметінше, бұл Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы мен «Kazakh Home Networks» ЖШС бірлескен жобасының арқасында іске асырылады.

Айта кетейік, Сарыарқа ауданындағы сапасыз интернет мәселесі 8 жылға жуық уақыт бойы шешімін таппаған. Бүгінде желілерді қосу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, жоғары жылдамдықты интернетке алдымен Баршын, Ұлытау, Саумалкөл, Құланөтпес, Айдарлы көшелерінің бойында тұратын Көктал 2-нің батыс бөлігінің тұрғындары қол жеткізеді. Алғашқы абоненттерді қосудың шамамен мерзімі - қазан айының ортасы.

Содан кейін жаңа тұрғындарды байланысқа қосу шығыс бағытта жүреді. «Көктал-2» талшықты-оптикалық байланыс желілерімен толық қамтуды қараша айының ортасында аяқтау жоспарланып отыр. Аяқталған соң Көктал-1 және Агроқалашық аудандарында да осындай жұмыстар басталады.

Айта кету керек, жеке сектор тұрғындарына тегін қосылу, икемді тарифтік жоспарлар және жоғары қызмет көрсету деңгейі ұсынылады.


Фото: cdn.culture.ru




Соңғы жаңалықтар