Елорданың екі үлкен көшесінде жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада екі үлкен көшеде жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Қабанбай батыр және Жеңіс даңғылдарында жол төсемдерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылғы 20 мамырда жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Қабанбай батыр даңғылы бойынша Қорғалжын тас жолынан Қараөткел көпіріне дейінгі учаскедегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Сонымен қатар, 20-22 мамыр аралығында Жеңіс даңғылының Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Мәскеу көшесіне дейінгі бөлігі толығымен жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген жауапты басқарманың хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар