Елорданың дамуына үлес қосып жүрген үздік мамандар марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай елорданың әр салада қызмет ететін үздік қызметкерлеріне қала басшысы құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі айтулы мерекеге орай Елорданың тұрмыстық-әлеуметтік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ мамандар қала басшысының марапатына ие болды.

«Бүгінгі Астананың жеткен жетістігі мен табысының бастауында әртүрлі салада күнделікті қызмет етіп жүрген кәсіби мамандардың ерен еңбегі жатыр. Олай болса, Сіздерге еліміздің өсіп-өркендеуі мен қаламыздың гүлденуіне қосқан елеулі үлестеріңіз үшін алғыс айта отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін», - деді қала әкімі Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, шаһар басшысы мамандарға Елбасымыздың бастамаларын орындауда жаңа, креативті идеялар ұсынып, оның табысты да мазмұнды орындалуына бірігіп атсалысамыз деген үмітін білдірді. 

Сонымен Астана қаласының 2018 жылғы үздік қызметкерлері:

«Үздік педагог»:

Салтанат Дүйсенбаева, № 32 «Балдәурен» балабақшасы, әдіскер;

«Үздік медицина қызметкері»:

Гүлшат Серікбаева, №3 қалалық перинаталды орталығының акушер-гинекологы;

«Үздік автобус жүргізушісі»:

Сәттібек Есім, № 1 қалалық автобус паркінің жүргізушісі;           

«Үздік коммуналдық қызмет маманы»:

Марат Сүлейменов, «Астана-Тазалық» ЖШС-нің бас директорының орынбасары;

«Үздік энергетик-маман»:

Жұпархан Харханбай, «Астанаэнергосервис» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары;

«Үздік полиция қызметкері»:

Серік Қажықұлов, Астана қалалық полиция департаменті арнайы дайындық басқармасының басшысы;

«Үздік өрт сөндіруші»:

Сағидолла Бекентаев, №10 қалалық өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші;

«Үздік құтқарушы»:

Жалғас Данай, Орталық аймақтық аэромобильді жедел құтқару отрядының құтақарушысы;

«Үздік әлеуметтік маман»:

Гүлжан Сембаева, Астана қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының маманы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Астанада бүгінгі мереке құрметіне «Жаңа дәуір -жарқын болашақ» атты концерт өтіп жатыр.

null 

null 

Соңғы жаңалықтар