Елорданың бірқатар көшелерінде қозғалыс шектелді

None
None
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат -Астана қаласы ІІД Жол полициясының хабарлауынша,

«М-3» көпіріндегі автожолда жол жамауларын жөндеуге байланысты, бүгін күні бойы жол қозғалысы ішінара шектелетін болады.

Бұдан бөлек, Жол полициясы басқармасы 26 сәуір күні Астана қаласының мына көшелерінде жол белгілерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды:

1. Керей мен Жәнібек хандар көшесіндегі Тельман ауылы жолынан Тұран даңғылына дейінгі учаске;

2. Қошқарбаев көшесі - Обаған көшесінен бастап Айнакөл көшесіне дейін;

3. Тәуелсіздік даңғылының Мұңайтпасов көшесінен Б.Майлин көшесіне дейінгі учаскесі;

4. Қарағанды трассасының  Промышленный кенті мен Момышұлы көшелері арасындағы учаскелер;

5. Абай даңғылының Сарыарқа көшесі мен Уәлиханов көшесі аралығындағы учаскесі;

6. Кенесары көшесінің Сарыарқа көшесі мен Уәлиханов көшесі арасындағы учаскесі;

7. Қабанбай батыр даңғылының №27 көшесі мен Рысқұлов көшесі аралығы;

8.  Момышұлы көшесінің Сарайшық көшесі мен  Абылай хан даңғылы аралығы;

9. Желтоқсан көшесінің Кенесары көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылы аралығы;

10. Бейбітшілік көшесінің Кенесары көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылы аралығы;

11. Тұран даңғылының Сарайшық көшесі қиылысынан Тұран даңғылы мен Қонаев көшесі аралығы.

Осыған байланысты жол полициясы барлық жол қозғалысының қатысушыларына жолда мұқият болуды өтінеді және жұмыс жасалып жатқан орындардағы жол белгілерінің талаптарын мүлтіксіз орындауды   сұрайды.

Соңғы жаңалықтар