Елорданың бірқатар көшелері жарықсыз отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанның кей көшелерінде электр жарығы жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ikomek қызметіне сілтеме жасап.

«Астана-РЭК» кәсіпорнының хабарлауынша, бүгін сағат 11:44-те «Жұлдыз» қосалқы стансасында апатқа байланысты электр қуатын сөндіруге тура келген.

«Оңтүстік-Шығыс мөлтекауданының оң жақ беті жарықсыз қалды. Талғар, Обаған, Қалба, Жанкент, Арғанаты, Балбырауын, Шырайлы, Берен, Таскескен, Айнакөл, Аршын, Кенгiр, Жаңаөзен, Балқантау, Момышұлы көшелері мен Сайрам көшесінің бұрылысы электр қуатынан ажыратылды» делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, электр жарығы шамамен 2 сағатта қайта беріле бастайды.




Соңғы жаңалықтар