Елорданың бір ауданынан 8,5 мың тонна қоқыс шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Есіл ауданы аумағы 8,5 мың тонна қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын жоюға қатысты апталық есебін жариялады.

«Соңғы екі аптада 8.5 мың тонна қоқыс тазартылды. 4 апта ішінде 30 мың тоннадан астам қоыс жойылды. Келесі аптада «Нұра-Есіл» су арнасын толық тазартамыз», деп жазды аудан әкімі Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетсек, мамыр айының басында Есіл өзенінің 20 км-ге жуық, Ақбұлақ – 7 км, Сарыбұлақ – 4,5 км аумағын санитарлық тазартылды. Есіл өзені мен оның жағалауынан 7 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Бұған дейін Сарыбұлақ өзенінің жағасын Қарасай батыр көшесінен Н.Тілендиев көшесіне дейін, яғни 2,5 км аумақ қоқыстан тазартылған болатын.




Соңғы жаңалықтар