Елорданың білім басқармасы чаттарда тараған ақпаратты жоққа шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың білім басқармасы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сенбеуге шақырды , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы күндері ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап балаларды балабақшаларға топтау кезегі басталады деген ақпарат таралып жүр. «Сол себепті «ЗАИНТЕРЕСОВАН» деген бастырманы дер кезінде басып қалу үшін таңғы сағат 6-дан бастап е.astana сайтында отыру қажет. Балабақшаның нөмірін де білу керек. Сонда балабақша орындарын таратқанда оны бірден тауып алуға болады», - делінген хабарламада. Білім басқармасы аталған ақпаратты жоққа шығарды.

«Білім басқармасы тарапынан бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Жоспар бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға топтауды 2019 мамыр айының ортасында көздеп отырмыз, ол туралы ақпарат алдын ала міндетті түрде ата-аналарға бұқаралық ақпарат құралдары мен Нұр-Сұлтан қаласының ресми ресурстары арқылы хабарлаймыз», - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Жазира Асанова.

Айта кетейік, білім басқармасының ресми интернет ресурсы - bilim.astana.kz, әлеуметтік парақшалары - /bilimastana. Сонымен қатар, бүгінгі таңда елордалық балабақшаға жолдама алу электронды мемлекеттік қызметтер көрсету e.astana.kz порталы арқылы (ЭЦҚ-мен) тәулік бойы қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар