+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Елорданың білім басқармасы бүлдіршіндерді балабақшаға әкелмеуге шақырды

2020 жылғы 13 наурыз 10:15
Бөлісіңіз:
Елорданың білім басқармасы бүлдіршіндерді балабақшаға әкелмеуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың білім басқармасы ата-аналарға мүмкіндік болса балаларды балабақшаға әкелмеуге кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын тәжірибе жасау арқылы арттыруға болады - Тиктокер мұғалім Биыл тұрмысы төмен отбасынан шыққан 1 мыңнан астам бала сауықтыру курстарынан өтті - БҒМ Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 8 029 779 адам салдырды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды!

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында коронавирусты пандемия деп жариялады. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирусты болдырмау және таратпау мақсатында ҚР Үкіметі жанындағы комиссия алдын алу шараларын күшейтуде. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы орта білім беру мекемелерінде (мемлекеттік және жеке меншік мектептер) вирустың алдын алу мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін оқушыларға демалыс жарияланды. Қосымша білім беру ұйымдары да (үйірмелер) демалыс уақытында жұмысын тоқтатады. Осы уақыт ішінде колледж студенттері қашықтықтан оқытылатын болады» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, басқарма балабақшалар бұл кезеңде жұмыс істейтінін хабарлады. Алайда ата-аналарға мүмкіндік болса балаларды балабақшаға әкелмеуге кеңес берді.

Ата-аналарға мүмкіндік болса балаларды үйде қалдыруға кеңес береміз.

«Балабақшалар бұрынғы режімде жұмыс істейді, бірақ біз қызуы көтерілген және ЖРВИ белгілері бар балаларды үйде қалдыруға кеңес береміз. Құрметті ата-аналар, алдын алу шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз». деп жазылған хабарламада



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT