Елорданың Бейсекова көшесінде көлік жылдамдығы 20 км/сағатқа төмендетілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада сол жағалауға баратын Ш.Бейсекова көшесінде көлік жылдамдығы 80 км/сағаттан 60 км/сағатқа дейін төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы 31 мамырдан бастап Шабал Бейсекова көшесінің Шаймерден Қосшығұлұлы көшесі мен Е10 көшесіне дейінгі аралығында екі бағытта қатарынан жылдамдық режімі 80км/сағаттан 60км/сағатқа дейін өзгертілгенін хабарлайды», делінген хабарламада.
Басқарманың мәліметінше, аталған шара жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және осы учаскеде жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты қолға алынған.
Тәртіп сақшылары аталған көшенің бойында «Сергек» автоматты тіркеу құралының орнатылғанын ескерте отырып, жүргізушілерден жылдамдық режімін сақтауды сұрайды.
Айта кетерлігі, Ш.Бейсекова көшесі 2013 жылы қазан айында пайдалануға берілген. Ол қаладағы кіші көлік айналма жолының қатарына енеді. Ұзындығы 35 шақырым болатын айналма жол тәулігіне 90 мың көлікті өткізе алады. Осы көшемен негізгі көлік ағыны оң жағалаудан сол жағалау бағытындағы жүреді.

Соңғы жаңалықтар