Елорданың Байқоңыр ауданында суық су беру тоқтатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың Байқоңыр ауданында жөндеу жұмыстарына байланысты 2-3 маусым күндері ауыз сумен қамту тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана су арнасы» МКК 2 маусым кешкі сағат 21:30-дан 3 маусым таңғы 09:00 аралығында ЖЭО-1 мен өндірістік аймақты сумен қамтамасыз ететін диаметрі 600 мм-лік ауыз сумен жабдықтау желісінде қысым реттегішін жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлайды. Осыған байланысты 2 маусым күні сағат 21:30-дан 3 маусым күні сағат 09:00-ге дейін,ішінара Байқоңыр ауданында: Өндіріс және Кирпичный тұрғын үй алаптары, Пушкин көшесі, 69 көше, Алаш тас жолы және Әл-Фараби даңғылы, ЖЭО-1 мекен-жайлары бойынша ауыз су беру уақытша тоқтатылады», - делінген аталған компания баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Кәсіпорын мәліметінше, 3 маусымда сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерін іске қосу жұмыстарына байланысты жоғарыда аталған аудандарда су қысымы төмендейді.

«Қаланың дамуына байланысты бұл жұмыстар сумен жабдықтау желілерінің сапасы мен сенімділігін арттыру үшін қажет. Сіздерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, тұрмыстық және ауыз су қажеттіліктері үшін күнделікті су қорын алдын-ала дайындауды сұраймыз», - деді «Астана су арнасынан».


Соңғы жаңалықтар