Елорданың Байқоңыр ауданында 900 орындық мектеп пен үш саябақ салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Байқоңыр» ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Жаулыбаев халық алдында есеп беру кездесуінде биыл пайдалуға берілетін нысандар жайлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі күні ауданда 2 жоғары оқу орны, 7 колледж, 19 мектеп, 14 мемлекеттік балабақша жұмыс істейді.

«Биыл Абай атындағы 900 орындық № 87 мектеп ашылды. Биыл С. Сейфуллин және Сырдария көшелерінің қиылысында 900 орындық мектептің құрылысы аяқталуда. Сондай-ақ № 23, 31, 34 мектептерге 600 орындық жансарлас нысан салу жоспарлануда. Сонымен қатар, «Кирпичный» тұрғын үй алабындағы №12 мектепке жапсарлас құрылыс салу жоспарлануда», - деді Ерлан Жаулыбаев.

Оның айтуынша, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсетілді. 25 кәсіпкер демеушілік білдіріп, 497 бала оқуға қажетті құрал-жабдықпен қамтылды.

Кездесу барысында ол өткен жылы тұрғындардан 15 мыңнан астам өтініш қаралғанын атап өтті. Қала тұрғындарын ТКШ, аумақты абаттандыру, ПИК жұмыстары мен әлеуметтік мәселелер толғандырды.

Сонымен қатар, Ерлан Жаулыбаев биыл «Байқоңыр» ауданында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен бірлесе отырып, Ақбидай көшесі, Тайбурыл көшесі және Абай даңғылы бойында үш саябақтың құрылысы жоспарланғанын хабарлады.

«Өткен жылы ШОБ, мемлекеттік ұйымдар, коммуналдық кәсіпорындар, ПИК және белсенді тұрғындардың қатысуымен 3 200 ағаш отырғызылды, 12 600 бұта және 700 текше метр ағаш отырғызылды», - деді Ерлан Жаулыбаев.


Соңғы жаңалықтар