Елорданың бас санитарлық дәрігері коронавирустың балалар арасында таралуы туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева балалар арасында коронавирустың таралуы жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы коронавируспен сырқаттану жағдайын тоқталған ол, «КВИ тіркеудің барлық кезеңінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында барлығы 594 жағдай (4,2%) болса, оның ішінде 252-сі симптомдармен (42%), 342-сі симптомсыз (58%). 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында 75 жағдай немесе жалпы сырқаттанушылықтың 0,5 пайызы (31-і симптомдармен , 44-і симптомсыз) деңгейінде», - деді.

Осы орайда Ж. Пралива көбінесе ауру балалар үйде КВИ науқастарымен тығыз байланыста болған.

«Маусым айында мектеп жасына дейінгі балалар арасында симптомсыз дәрежеде 3 жағдай тіркелді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар