Елорданың бас полицейі тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімен Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Сәденов Ержан Сапарбекұлы тағайындалды. Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұргымбаев қала әкімі Бақыт Сұлтановпен бірге таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Ержан Сапарбекұлы 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің жоғарғы мектебін бітірген. Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол.

Әр жылдары Риддер, Өскемен қалалық полиция басқармаларының, Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, Маңғыстау облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ Жедел департаментінің бастығы, Көліктегі полиция департаментінің бастығы болып қызметті етті.

2016 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облыстық палиция департаментінің бастығы лауазымын атқарды.

Соңғы жаңалықтар