Елорданың «Барысы» Мәскеудің ЦСКА-сын ойсырата жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықаралық хоккей лигасының кезекті ойнында мәскеулік ЦСКА командасымен кездескен елорданың «Барыс» командасы қарсыластарынан 5-3 есебімен басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Астананың қонақтары алғашы минуттан-ақ белсенділік танытуға тырысып, тіпті 5 минутта Петровтың соққан шайбасымен алға шыққанымен елордалықтар намысты қолдан берген жоқ. Тартысты өткен ойын барысында қарсыластарының қақпасына 5 шайба салып, өз қақпасына 3 шайба жіберген барыстықтар бабында екендіктерін дәлелдеді. Осылайша, өз алаңындағы барлық кездесулерді жеңіспен аяқтаған елордалықтар халықаралық хоккей ойнындағы үзіліске байланысты демалысқа шықты.

Айта кетерлігі, «Барыс Арена» стадионында өткен кездесуді тамашалауға келген көременнің қарасы мол болды. Нақты айтқанда, «Барыс» командасы 10086 адамды жинау арқылы маусымдық рекорд орнатты десек те болады.

Сонымен ойын нәтижесі мынадай:

«Барыс» - ЦСКА - 5:3 (0:1, 4:0, 1:2)

0:1 Петров (Ничушкин, Киселевич)
4:25 1:1 Жайлауов (Сен-Пьер)
21:02 2:1 Вей (Сен-Пьер)
23:18 ГБ 3:1 Вей (Доус, Даллмэн)
29:45 4:1 Сен-Пьер (Вей)
36:16 ГБ 4:2 Попов (Киселевич)
40:12 4:3 Пашнин
41:58 5:3 Вей (Доус, Сен-Пьер)

Соңғы жаңалықтар