Елорданың автопарктеріне 2 млрд теңге субсидия берілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы автобус парктеріне 2 млрд теңге субсиядия беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы, автобус парктерін субсидиялау жүйесі жол жүру құнын тұрақты ұстап тұру үшін қажет екенін айтады.

«Қоғамдық көлік – өте сезімтал көлік түрі. Сондықтан бұл саланы субсидиялау жалғасады. Осы саланы қолдамасақ, қарапайым халықтың қалтасына билет бағасы бойынша салмақ түседі. Сондықтан субсидияны тоқтатпаймыз. Тиісті субсидияның бәрі кезең-кезеңмен төленеді», - деді әкім БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру кезінде.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, аталған бағытта бюджеттен 2 млрд теңге бөлінбек.

«Бюджет әлі жабылған жоқ. Сондықтан, өткен жылғы субсидия бәрі бір төленеді. Жақын уақытта шамамен 2 млрд теңге субсидияны саламыз. Бізге ең әуелі қоғамдық көлік қызметінің сапасы жақсы, жолаушыларға ыңғайлы болғаны керек», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар