Елорданың әрбір бесінші тұрғыны баспана алуды жоспарлауда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың 208 мыңнан астам мегаполистің тұрғыны пәтер алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1172 отбасы тұрғын үй ала алады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй конкурстық негізде 50/50 қағидаты бойынша бөлінеді, яғни пәтерлердің 50% - ы әкімдік кезекте тұрғандар арасында бөлінеді, қалған 50% -ы кезекте тұрғандар болып табылмайтын банктің басқа салымшылары арасында бөлінеді.

Тұрғын үй жинаған балдарға сәйкес бөлінеді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан барлық нысандар туралы baspana.kz сайтынан білуге және өтінім беруге болады.

Айта кетсек, екі жыл ішінде «Нұрлы жер»бағдарламасы бойынша 984 отбасы өз баспанасын алды. Тағы 250 салымшы Жаңа жыл қарсаңында қоныс тойын тойлайды, ал 403 отбасы өз пәтеріне 2020 жылдың басында кіретін болады.

Соңғы жаңалықтар