Елорданың Алматы ауданындағы 74 көшеде асфальт жоқ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорданың Алматы ауданындағы 74 көшеде асфальт төсемі жоқ. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауданымызда 344 көше бар. Бірақ өкінішке қарай, 270 көшеде ғана асфальт жабындысы бар. Қалған 74 көшеде асфальт жоқ, бірақ жол жүруге ыңғайлы етіп жасалған. Былтыр жалпы ұзындығы 15 шақырымды құрайтын 25 көшеге жөндеу жүргізілді. Оның ішінде инженерлік желілермен қоса алғанда 19 көшеге күрделі жөндеу жүргізілді», - деп тоқталды М.Саматұлы.

Сонымен қатар, брифингі барысында әкім биыл аудан аумағында 10 қоғамдық кеңістікке абаттандыру жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеген еді. Бұған қоса, жыл соңына дейін көшелерді жарықтандыру мақсатында 1,5 мыңға жуық жарықдиодты шамдар ауысырылмақ.


Соңғы жаңалықтар