Елорданың «Алматы» ауданына жаңа прокурор тағайындалды

None
None
АСТАНА. Шілденің 1-і ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмидің бұйрығымен Астана қаласы Алматы ауданының жаңа прокуроры болып Найманов Тәжиден Жүкенұлы тағайындалды. Бұл ақпаратты еліміздің Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратып отыр.

Бүгін Астана қаласының прокуроры Мұхтар Жөргенбаев оны жаңа ұжымымен таныстырған.

Аталған лауазымды қызметке тағайындалғанға дейін Т.Найманов Орталық өңірлік көлік прокуратурасының Солтүстік Қазақстан көлік прокуроры болып істеген. Әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.

Соңғы жаңалықтар