Елорданың алдағы үш жылдағы бюджеті белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатында 2021-2023 жылдарға арналған бюджет жобасы аясында салаларға қаражат бөлу тақырыбы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараевтың айтуынша, үш жылдық бюджеттің параметрлері ағымдағы жағдайды және 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған елорданың болжамды көрсеткіштерін ескере отырып қалыптастырылды.

«2021-2023 жылдары жеткізілген лимиттерге сәйкес, жеке кірістердің түсімі 1 трлн 1 млрд 376 млн теңгені құрайды. Оның ішінде 2021 жылы 319,7 млрд теңге, 2022 жылы – 332,2 млрд және 2023 жылы - 349,3 млрд теңге. 2021 жылы жеке кіріс көлемі 319,7 млрд теңге сомасында бағаланып отыр, бұл тұрғыда 5 пайыз өсім қамтылды», - деді басқарма басшысы Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында.

Оның ішінде салық түсімдері 315,9 млрд теңге, салықтық емес түсімдер 1,1 млрд теңге, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан келетін түсім 2,7 млрд теңге болды. Алдағы үш жылда салық түсімдері елорданың жеке кірістерінің жалпы көлемінің 98 пайызға жуығын қамтамасыз етеді.

Қ. Манқараевтың сөзіне қарағанда, жергілікті үш жылдық бюджеттің шығысы 1 трлн 1 млрд 376 млн теңге сомасында жоспарланған. Сәйкесінше, Оның ішінде 2021 жылы 319,7 млрд теңге, 2022 жылы – 332,2 млрд, 2023 жылы 349,3 млрд теңге жұмсалмақ.


Соңғы жаңалықтар