Елорданың ахуалдық орталығы КВИ анықталған 750 науқасты стационарларға бөлді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ахуалдық және байланыс орталықтары жұмыс істейді, олар арқылы қызметкерлер КВИ анықталған науқастарды стационарларға бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Осылайша, жақында құрылған ахуалдық орталық емханалардағы науқастармен жұмыс істейді. 23 маусымнан бастап 750 науқасты стационар бойынша бөлді, байланыс орталығы жедел жәрдем стансасымен тікелей жұмыс істейді (тел.705 103).

Күн сайын шамамен 500 өтініш қабылдайды. Бұл орталықтар жедел жәрдем стансасы жүктемесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.

«Науқастар легін дұрыс бөлу өте маңызды. Жедел жәрдем стансасы базасында бұрын кеңес залы болған. Біз оны ахуалдық және байланыс орталықтары деп өзгерттік. Мұндай орталықтардың ашылуы жедел жәрдем шақырушылар санын азайтуға ғана емес, сонымен қатар науқастарға жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Егер бұрын жедел жәрдемге күніне 3 мыңнан астам өтініш түссе, қазір 2 мыңнан сәл артық. Сонымен қатар жедел медициналық көмек стансаясының телеграм-боты (@ns103bot) іске қосылды. Телеграм чат-бот 24 маусымнан бері 1 800 өтініш қабылдады. Кері байланысты күшейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатырмыз», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.


Сондай-ақ Damumed мобильді қосымшасы іске қосылды. Ол арқылы онлайн-қабылдауға жазылуға және бейнеқоңырау форматында тегін кеңес алуға болады. Қабылдау туралы ақпарат дәрігердің медициналық жазбасында сақталады. БМСК 31 ұйымы елорда тұрғындары үшін тегін бейне-кеңестер беретін болады. 19 ұйым қосымша қосылды. Телемедицина құралдары арқылы науқастарды бақылау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бұдан бөлек, коронавирус және оған қатысты қабылданған шаралар туралы барлық ресми ақпарат covid19.astana.kz порталында жарияланады.


Соңғы жаңалықтар