Елорданың 55 көшесінде жол жөндеу жұмысы аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың 55 көшесінде жол жөндеу жұмысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Биыл қалада 150 көше жөнделеді, оның 100-і тұрғын алаптарда. Орталық көшелерде 32,5 км жол жөнделді.

27 көшеде орташа жөндеу аяқталды:

Қ.Сәтбаев көшесі, Әл-Фараби (Байырқұм көшесі) көшесі, Угольной көшесінің жалғасы, Кенесары көшесі, А. Байтұрсынов көшесі, Таха Хусейн көшесі, Асан Қайғы көшесі, С. Торайғыров көшесі, Тұран, Достық, Д. Қонаев, Түркістан, Ақмешіт көшелері, 319 (Bi Village баратын жол) көшесі, М. Мақатаев көшесінің жалғасы (арнайы трасса), Нұрлыжол көшесі, Нұржол бульвары, Сауран көшесі, Абай даңғылы, Бөгенбай батыр даңғылы, Жеңіс даңғылы, Конституция көшесі, Шұғыла көшесі, Бұқарбай батыр көшесі, Мәскеу көшесі, «Тұлпар» көпірінің бұрылысы, Ы.Дүкенұлы көшесі.

Тоғыз көшеде (10,93 км) жұмыс әлі аяқталмаған:

Амман көшесі, Шарль де Голль көшесі, Алаш тас жолы, Оқжетпес көшесі, Бейбітшілік көшесі, Р. Дүйсенбаев көшесі, Бабатайұлы көшесі, М-2 көпір өткелі, Сарайшық көшесі бойындағы жергілікті өткел.

Тұрғын алаптарда 28 көшедегі жол жөндеу жұмысы аяқталды.

Атап айтқанда, Балуан Шолақ көшесі, М.Төлебаев көшесі, А.Байтұрсынов көшесінің кіре берісі, Сүтбұлақ көшесі, Марқакөл тұйық көшесі, Қарасаз көшесі, Нұрлы тұйық көшесі, Ақберген тұйық көшесі, Орхон көшесі, Шырайлы, Сайрам, Ақбидай, Кеңшалғын көшелері, Ақпан тұйығы, Жолымбет көшесі, Аққайың көшесі, Сандықтас тұйық көшесі, Қайрақты тұйық көшесі, Арқарлы, Беласар, Қырыққыз көшелері, Маралсай тұйық көшесі, Желдірме тұйық көшесі, Қоғалы тұйық көшесі, Қамажай тұйық көшесі, Аққорған, Аққайың (Коктал-1 ТА), Тайсойған көшелері.

35 көше әлі жөнделіп жатыр:

Қапал, Арғанаты, Келес, Кемел, Майдақоңыр, Әлқисса, Алпамыс көшелері, Өндіріс көшесі Ақбидай көшесінен Үшқоныр көшесіне дейін, Ақшағыл, Мусоргский көшелері, Гүлзар тұйық көшесі, Киелісай, Бестау, Кеншілер, Назайтас, Арнасай, Жаңа әуежай көшелері, Атакент тұйық көшесі, № 52 өткел, Қызылсу, Бесағаш, Қашаған көшелері, Рауан тұйық көшесі, Рауан 1 тұйық көшесі, Рауан 2 тұйық көшесі, Шыршық тұйық көшесі, Қараой тұйық көшесі, Сумбе тұйық көшесі, Басықара батыр, Сонар, Сырғалы, Ақыт Үлімжіұлы, Кербезқыз, Шарбақты көшелері, Балтакөл тұйығы.

Еске сала кетейік, биыл жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын 150 көшенің жөндеуге қаржы бөлінген.

Атап айтқанда, 50 орталық көшеде (58,6 км) және тұрғын алаптардағы 100 көшеде (41,4 км) жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, Өндіріс тұрғын алабы –16 көше, Кирпичный – 12 көше, Агроқалашық – 21 көше, Көктал-1 – 12 көше; Промышленный – 8 көше, Оңтүстік-шығыс (оң жақ) – 18 көше және т.б.

Соңғы жаңалықтар