Елорданың 294 оқушысы «Алтын белгі» алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың 294 оқушысы «Алтын белгі» белгісін және 305 оқушы үздік аттестаттарын алды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Телеграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның жазуынша, енді жас түлектер Қазақстанда 20 маусымнан бастап 5 шілде аралығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуда. Биылғы жылы 6 484 түлек елорда мектептерін бітірді, оның 5 656-ы ҰБТ-ға қатысуға өтінім берді, яғни 93,3 пайызы.

«Тестілеу сағат 9-00-де басталады және үш жарым сағатқа созылады. Бітірушілер 125 тест тапсырмасына жауап беруі тиіс, яғни бес пәннің әрқайсысынан 25 сұрақтан. 2019-2020 оқу жылына мемлекет 66 556 грант бөлді, олардың 51 085-і бакалавриатқа, 13159-і магистратураға, 2312-і докторантураға (PhD). Құрметті талапкерлер, тестілеуден табысты өтуіңізге және сіздің кәсіби қызметіңізде пайдалы болатын, сізге ұнайтын білім бағдарламасын таңдауға тілектеспін», - деп жазды қала әкімінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар