Елорданың 20 жылдық мерекесін бірлесіп атап өтуіміз керек - Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Суыққа да, ыстыққа да қарамастан, елорданы салуға Қазақстанның әр түкпірінен адамдар келді. Бұл туралы шаһарды одан әрі дамытуға арналған мәжілісте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордамыздың 20 жылдық мерекесін барлығымыз бірлесіп жақсылап атап өтуіміз керек, ол елдің қуанышы. Соны жасайтын жоспарларымыздың барлығын анықтау үшін бүгін кездесіп отырмыз. Қаланы қалай салып, қалай көтергеніміз барлығымыздың есімізде. Суыққа да, ыстыққа да қарамастан, елорданы салуға, әрі дамытуға Қазақстанның әр түкпірінен адамдар келді, яғни барлық өңірлер атсалысты. Бүгінде бүкіл әлем қызығып тамсанады. Әлемдік стандартқа сай, заманауи қала салдық», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Елбасы Астана экономикалық дамудың драйверіне айналғанын, 20 жыл ішінде қаланың жалпы өңірлік өнімі елеулі түрде ұлғайғанын, елорда инвестиция тарту бағытында көшбасшылардың бірі болғанын атап өтті. Бас қалада ең ірі корпорациялар, трансұлттық компаниялардың кеңселері жұмыс істейді. Сонымен қатар, отандық кәсіпорындар, қаржылық әрі өндіріс ұйымдары қызметтерін жалғастыруда.

«Астана еліміздің ең жылдам өсіп келе жатқан қаласы. Тұрғындардың саны үш есе көбейіп, бүгінде 1 миллионнан асты. Халық санының өсуімен қатар, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 20 жыл ішінде жиырма миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы жылдарда 53 жаңа мектеп, 26 аурухана,  4 аудан құрдық. Елорда жалынды жастардың қаласы. Қазір қала тұрғынының орташа жасы отызда», - деп тоқталды Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар