Елорданы залалсыздандыруға күн сайын 450 мың адам жұмылдырылады - Бақтияр Мәкен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордаға 300 мың маска жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін дезинфекциялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Адам көп жиналатын жерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Әлеуметтік нысандар, базарлар, супермаркеттер, тротуарлар, балаларға арналған ойын алаңдары, кіреберістер мен тағы да басқа тиісті жерлер дезинфекциядан өтіп жатыр», - деді қала әкімінің орынбасары.

Оның атап өтуінше, қала аумағын ерітіндімен өңдеуге күнделікті 450 адам қатысады. Дезинфекциялау іс-шараларын өткізуге қалалық қызметтерден басқа қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшесінің әскери қызметшілері де жұмылдырылған.

«Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында диспансерлік есепке алынған онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар, жүкті әйелдер, жасы 65-тен асқан азаматтар маскамен қамтылуда. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық мекемелерге тіркелген тұрғындарды маскамен қамтамасыз ету мақсатында «СК-Фармация» ЖШС-мен бірлесіп, барлық медициналық мекемелер қамтылған», - деді ол.

Бақтияр Мәкеннің дерегінше, 22 наурыздан бері елордаға 1 миллионнан астам маска дәріханаларда сатылды. Бүгін тағы 300 мың маска жеткізілді. Олардың бәрі «Еврофарм» дәріханалар желісінде сатылып жатыр.

Фото: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар