+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Елорданы толығымен газдандыру мәселесі жоспарланған мерзімнен екі жыл ерте шешілуі мүмкін

2020 жылғы 26 мамыр 15:05
Бөлісіңіз:
Елорданы толығымен газдандыру мәселесі жоспарланған мерзімнен екі жыл ерте шешілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданы толығымен газдандыру 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған. Алайда бұл мәселе межелі уақыттан екі жыл ерте шешілуі мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Нұр-Сұлтан қаласында 22 мыңнан астам тұрғын үй бар. Соның бәрі табиғи газға ауыстырылады. Қазір олар жанар-жағармай арқылы немесе көмірмен жылытылып отыр. Яғни ауаға шығарылатын зиянды заттар өте көп. Үш кезеңнен тұратын қаланы газдандыру бағдарламасы қабылданған. Үш кезеңнің біріншісіне кірісіп кеттік. Бірінші кезеңнің өзі 9 іске қосу кешенінен тұрады. Оның бәрі бойынша конкурстық процедуралар өтіп, бүгінгі күні мердігер компаниялар белгіленіп, құрылыс жұмыстары басталып кетті», - деді «ASTANA TV» телеарнасындағы Elorda live-та берген сұхбатында.

Қала әкімінің орынбасарының айтуынша, жоспарға сәйкес 2025 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласын толығымен газбен қамту жоспары бар.

«Дегенмен, бүгінгі күні жұмыс қарқынды жүргізіліп жатқандықтан, қаражат уақытында бөлініп, істер тындырылатын болса – 2023 жылға дейін үш кезең бойынша жұмысты толықтай аяқтағымыз келіп отыр», - деді ол.

Сонымен қатар, ол биыл қаланың қай тұрғын үй алаптарына газ қосылатынын айтып өтті.

«Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы газ биыл Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық тұрғын алаптарын газбен бірінші кезеңде қамтитын боламыз. Биыл сонымен қатар жеке тұрғын үйлер де газға қосылады. Одан бөлек осы жылы газға қосылатын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік нысандар да бар. Бұл кешенді түрде жүргізілетін жұмыс», - деді Алтынбек Қайсағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT