Елорданы оның негізін қалаған тұлғаның атымен Нұр-Сұлтан деп атау орынды - Асхат Налшыбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың негізін қалаушы тұлғаның атымен қаланы Нұр-Сұлтан деп атау өте орынды. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Асхат Налшыбек білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шындығында бұл мәселеге орай пікірімді білдіргім келмеп еді. Себебі қазіргі уақытта елімізге есімі белгілі азаматтар пікір білдіріп, білікті сарапшылар үн қосып, қала атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді жұртшылыққа дәйекті түрде түсіндіріп жатыр. Дегенмен, мессенджерлерде, әлеуметтік желіде қала атауын өзгерту туралы үндеу жасап, қол жинап жүргендердің дені замандастарым екен. Сондықтан пікірдімді білдіргенім жөн болар», - деді ол.

Қозғалыс жетекшісі қазіргі уақытта қоғамда қала атауын өзгертуге кейбіреулердің қарсылық танытып жүргендігін атап өтіп, олар әрекеттері дұрыс еместігіне назар аудартты.

«Осы орайда бір жайтты еске түсіруге болады. Кезінде Елбасымыз елордамызды Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы тарихи шешім қабылдағанда мұны қолдамағандар көп болған еді. «Астана салу қиын, қалай көшіреміз» деушілер көп болды. Бірақ, ұлтты құраушы халықтың солтүстіктегі үлесін арттыру үшін Астананы салды, еліміздің елордасына айналдырды. Сондықтан осы қаланың негізін қалаушы, сәулетшісі, құрылысшысы Тұңғыш Президентіміз - Елбасымыздың атымен елордамызды Нұр-Сұлтан деп атау өте орынды», - деп түйіндеді ойын Асхат Налшыбек.

Соңғы жаңалықтар