Елорданы цифрландыруда қандай кедергілер бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі қалалар және цифрлық экономика» атты жиын өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында сала мамандары Қазақстан астанасының цифрлық экономика дәуірінде көштен қалмауы үшін не істеу керек деген сұраққа жауап іздеді.

«Strategy Partners» компаниясының жобалар жетекшісі Владимир Поклад Нұр-Сұлтан қаласының 2050 жылға дейін цифрлық тұрғыда даму стратегиясын дайындауға тапсырыс алғанын айтады.

«Дәл қазір Нұр-Сұлтан қаласы цифрландырудың жаңа кезеңіне дайын деуге болады. Орталық Азия деңгейінде алғанда бұл қаланың бірнеше бәсекелесі бар. Олар - Үрімші, Ташкент, Қазан, Алматы, Новосібір қалалары. Аталған қалалардың соңында қалмау үшін ұзақ мерзімге нақты стратегия қажет», - дейді Владимир Поклад.

Дөңгелек үстел барысында қоғамдық кеңес өкілдері қаланы цифрландыру бойынша қандай кедергілер бар екенін атады. Әсіресе басқару орындарында жаңа заман талаптарын кешігіп қабылдаушылардың болуы ең басты кедергі екені айтылды.

Соңғы жаңалықтар