Елорданы айнала қоршап жатқан Ақмоланың стратегиялық маңызы жоғары - Президент

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте бірқатар мәселелерді көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттік баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап.
«Бүгін өздеріңізбен Көкше төрінде жүздесіп отырмыз. Арқаның айрықша сұлу аймағы – бүкіл еліміздің мерейі әрі мақтанышы. Бұл – тарихы терең, табиғаты ғажайып киелі өлке. Тұғыры биік тұлғалар шыққан қастерлі өңір. Елорданы айнала қоршап жатқан Ақмоланың стратегиялық маңызы жоғары. Осы жердің тұрғындары ел экономикасын өркендетуге елеулі үлес қосып келеді», - деп атап өтті жиында Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың бүгінгі тыныс-тіршілігімен қатар, даму келешегі – еліміз үшін өте маңызды міндеттер қатарында екенін тілге тиек етті.
«Мен Жолдауда айтып өттім: экономикалық өсімді және тың өзгерістерді еліміздің әрбір тұрғыны сезінуі қажет. Біз халықтың әл-ауқатын арттыруды әрдайым басты назарда ұстауымыз керек. Өңірде тұратын азаматтарымыздың тұрмыс сапасы жоғары стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл, ең алдымен, жергілікті халық тұрғын-үй, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым сияқты игіліктерді көруі тиіс деген сөз. Сол себепті барлық деңгейдегі әкімдер жұмысты жаңа талапқа сай, тиімді ұйымдастыруы қажет. Осыған орай, бүгінгі жиында Ақмола облысын дамыту мәселелерін қарастырамыз», - деді Президент.
- Президенттің Германияға сапары экономикалық байланысты дамытуға серпін береді - сарапшы
- ҚР Президентінің Германияға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа оң әсерін тигізді – Гюнтер Кнабе
- Президенттің Еуропаға алғашқы сапарын Германиядан бастауы маңызды - сарапшы
- Ақмолада боранда адасып кеткен малшы табылды, тағы 4 адам іздестіріліп жатыр
-
Ақмолада боранды күні шөпке кеткен 3 тракторшы табылмай жатыр
-
Елорда маңындағы бірқатар жолдар ашылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам