+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Елорданы 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленеді

2019 жылғы 17 мамыр 10:08
Бөлісіңіз:
Елорданы 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Нұр-Сұлтан қаласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленеді. Бұл туралы бүгін ХІІ Астана экономикалық форумы барысында елорда әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл елорданың қарқынды өсуімен байланысты сын-тегеуріндерді, қала аумағының әркелкі дамуын және бүкіл әлемнен таланттарды тартуды ескеретін 2050 жылға дейінгі Нұр-Сұлтан қаласын дамыту стратегиясын әзірлейміз. Стратегиясы мақсаты - тіршілік тартымдылығы мен барлығына арналған жұмыс, жаһандық бәсекеге сай әрі тұрақты экономика сынды сипаттамаларды қамтитын жаһандық деңгейдегі қала құру. Және түптеп келгенде ең алдымен саяси Еуразиялық жаһандық хабқа айналады», - деді елорда әкімі «Жаһандық жібек жолы - қала мэрлерінің форумы» сессиясы барысында.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтан қаласы бүкіл әлемдегі ниеттестерімен өңіраралық өзара іс-қимылды кеңейту және нығайту саясатын жалғастыратындығын айтты.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанның 32 елде 47 бауырлас және серіктес қаласы бар. Олардың 29-ы астаналар. Біз олардың әрқайсысымен екіжақты, сондай-ақ көпжақты қарым-қатынас аясында өзара тиімді кооперацияны дамытуға тырысамыз», - деді ол.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT