Елордамыз тәуелсіздіктің, жасампаздық пен бірлік рухының қайнар көзіне айналды - Елбасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter аккаунтында Астана күніне арналған видеоролик жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіз Қазақстанның жас елордасының заманауи жарқын әрі қайталанбас сәулеттік келбетін паш ететін екі минуттық видеороликте қаланың бас сәулетшісі, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі келтірілген.

«Біз ештеңеге қарамастан қиындықтарды еңсеріп, елордамызды салдық. Елордамыз қасиетті Тәуелсіздік рухының – Жасампаздық пен бірлік рухының қайнар көзіне айналды» дейді Елбасы.

Еске сала кетейік, жыл сайын 6 шілдеде Қазақстанның астанасы - Нұр-Сұлтан қаласының күні атап өтіледі.



Соңғы жаңалықтар