Елордамен іргелес ауданда қарлы боран салдарынан ірі көлік апаты болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ірі көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады. Бейнежазба авторы жол апатының Аршалы ауданы аумағында орын алғанын айтуда. Сонымен бірге, ол ақтүтік боранда тұрғындарға жолға шықпауға кеңес беруде.

«Қазіргі кезде жол оқиғасының мән-жайы анықталу үстінде. Қанша көлік зардап шеккендігі туралы нақты мәліметті кейін жариялайтын боламыз», - деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.


Соңғы жаңалықтар