Елордалықтың сатпақ болған көлігін айдап әкеткен күдікті ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғыны сатпақ болған көлігінен айырылып қала жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, елорда тұрғыны «Kia Rio» маркалы көлігін сатпақ болып, танымал жарнама сайттарының біріне хабарландыру береді. Біраз уақыттан соң әлеуетті сатып алушы табылып, олар машинаны көру үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жанында кездесуге уағдаласады. Кездесуге танысымен келген сатып алушы көлік көңілінен шыққаннан кейін мәміле жасауды ұсынады. Осылайша, олар құжат рәсімдеу үшін МХҚКО ғимаратына кіреді. Осы кезде жалғыз қалған сатып алушының танысы көлікті айдап әкетеді.

«Полиция қызметкерлері көлікті ұрланған жерден 500 метр қашықтан тапты. Көлік салонынан 160 мың теңге ұрланған. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотты болған 24 жастағы күдікті ұсталды. Ұсталған жігіт кінәсін мойындап, Полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтеді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар