Елордалықтардың дауыс беретін сайлау учаскелері белгіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан әкімдігінің қалалық сайлау комиссиясы елордалықтардың дауыс беру учаскелеріне қатысты ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық сайлау комиссиясы ұсынған кестеден тұрғындар өздерінің тұрғылықты жері, яғни көше және шағынауданы бойынша 9 маусым күні дауыс беретін сайлау часкесін таба алады.

Нұр-Сұлтанда барлығы 239 сайлау учаскесі құрылған. Оның әрқайсысына төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және төрт адамнан құралған комиссия мүшелері бекітілген.

Өз сайлау учаскеңізді әкімдік сайтындағы сілтеме арқылы таба аласыз.

«ҚазАқпарат» агенттігі бұған дейін таратқан ақпаратқа сәйкес, елордалықтар өз сайлау учаскесіне қатысты мәліметті «іКomek» қызметінің «109» нөмірі, «Smart Astana» мобильдік қосымшасы, Telegram-дағы @smartastana_bot чат-боты арқылы біле алады. Сондай-ақ 24 сәуірден бастап мәліметтер Instagram мен WhatsApp желілері бойынша таратылады. Сайлаушылар тізіміне қосылу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелу шарт.

15 сәуірден бастап қалада волонтерлар мен полиция қызметкерлері азаматтардың пәтерлерін аралап, мәліметтер жинақтап жатқанын еске саламыз.

Соңғы жаңалықтар