Елордалықтар «сөзден іске көшті»

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 72-ші сессиясының қарсаңында елордада «Сөзден іске/Walk the Talk» дәстүрлі акциясы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияны ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, ДДҰ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі ұйымдастырып отыр. Акцияның мақсаты - денсаулық құндылықтарын насихаттау, қоғамдық денсаулықты қорғау бойынша барлық мүдделі тараптардың күштерін біріктіру, денсаулықты нығайту мақсатында Жаһандық қозғалысты қолдау, өмір бойы дене белсенділігінің деңгейін сақтау.

«2019 жылғы 12-17 мамыр аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 135 елдің бәрінде осындай «Сөзден іске» акциясы ұйымдастырылып жатыр. Акция аясында 3 және 5 шақырымға жүгіру, фин тәсілімен жүру секілді сайыстар өткізіледі. Біздің эстрада жұлдыздары денсаулық өкілі ретіне шақырылып, жанкүйерлеріне үлгі көрсетіп отыр. Жас, жыныс ерекшеліктеріне, тұрғылықты жеріне қарамастан, біз баршаға арналған денсаулыққа қол жеткізу үшін күш-жігерімізді жұмсаймыз деп айтқым келеді. Денсаулықты сақтау шарасы ең алдымен әрқайсысымыздан басталуы қажет», - дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.
null

Вице-министр өз сөзінде Медицина қызметкерлері күні қарсаңында өз әріптестерін денсаулықты сақтауға жақтас адамдардың қатарын барынша арттыра отырып, «Денсаулыққа апаратын жол өзімізден басталады» эстафетасын өңірлерді жалғастыруға шақырды.

Сөзден іске көше отырып, қатысушылар 3 және 5 шақырым қашықтыққа жүгіруге, сондай-ақ Скандинавия жүрісіне қатысу арқылы дене белсенділігіне бейім екенін көрсетіп бағуда. Бағдар бойында төмендегідей стансалар ұйымдастырылды:

- су стансасы (барлық қатысушыларға су таратылды);

- шұғыл көмек стансасы - денсаулыққа салғырт қарамай, ауа-райына сәйкес киіммен спортпен шұғылдану;

- өмірлік маңызды көрсеткіштерді өлшеу - дәрігердің кеңестерін сақтау және спортпен айналысу кезінде ағымдағы денсаулық жағдайын есепке алу.

Айта кетсек, Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Жаһандық конференция былтыр елордада өткен болатын.

null null null null

Соңғы жаңалықтар