+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Елордалықтар «Smart Astana» арқылы пітір-садақаға 700 мың теңге аударды

2020 жылғы 19 мамыр 17:01
Бөлісіңіз:
Елордалықтар «Smart Astana» арқылы пітір-садақаға 700 мың теңге аударды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда халқы «Smart Astana» мобильдік қосымшасы арқылы 700 мың теңге көлемінде пітір-садақа лақтырған. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында «Астана Innovations» АҚ баспасөз хатшысы Әсел Әлімханова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім етілгендей, мобильдік қосымша арқылы бес мешітке қайырымдылық қаражатын аударуға болады. Олар – Хазірет Сұлтан, Ырыскелді Қажы, Aq meshit, Нұр Астана, Әл-Ғани мешіттері.

Ақша аудару үшін «Менің төлемдерім» бөліміне кіріп, «Қайырымдылық» - «Садақа беру» айдарын басу керек.

Елордалықтар бүгінге дейін ҚМДБ бекіткен 370 теңге көлеміндегі пітір-садақаны «Smart Astana» арқылы жіберіп, оның жалпы сомасы 700 мың теңгеге жеткен.

Сонымен қатар аударған ақшаңыз қайда және қашан түскенін де бақылауға болады.

«Wooppay қызметін ерекше атап өткім келеді. Мамандар сіздің төлеміңізді тиісті параметрлер бойынша бірден аударып отырады. Банк комиссияларының бәрін Wooppay өзі өтейді», - дейді компанияның баспасөз хатшысы.

Айта кетерлігі былтыр Астана Innovations қайырымдылық ұйымының краудфандингті платформасын іске қосқан еді. Бүгін де тұрғындардың белсенділігі байқалады. Кез келген азамат қайырымдылық жобасының пайдасына ақша аудара алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT