Елордалықтар Шавкат Рахмоновқа шапан жауып, ат мінгізді

None
Фото: instagram.com/aliba_myrza_attari
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада жеңіліп көрмеген аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа құрмет көрсетіліп, лайықты сый-сияпат жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық спортшыға ат мінгізу сәтінің видеосы Instagram желісінде тарады.

Видеодан байқағандай, Шавкат Рахмоновқа жұртшылық шапан жауып, ат мінгізіп, құрмет көрсетіп жатыр.

Сондай-ақ, бейнежазба астында Шавкат Рахмоновтқа аталған сыйды меценат, Астана қаласы бойынша ат спорты федерациясының президенті Әлібек Мұқатаевтың жасағаны айтылған.

«Өзім спортпен айналысамын және спортшыларды жақсы түсінемін. Өскелең ұрпақтың спортпен шұғылдануына және үлгі тұту мақсатында Шавкатқа жылқы сыйға тартуды ұйғардым. Әлеуметтік медианың күшін білесіз, бұны көрген жастар ойланады, түрткі болады, дем береді. Шавкат Рахмоновтан бөлек, бұған дейін боксшы Сәкен Бибосынов және басқа да спортшыларға ат мінгіздім. Спортшы жігіттерімізді үнемі қолдауға тырысамын», - дейді меценат Әлібек Мұқатаев.

Естеріңізге сала кетейік, 5 наурыз күні Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC 285 турнирінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилді (15-5) буындыру тәсілімен жеңген болатын.

Күні кеше Шавкат Рахмоновты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.


Соңғы жаңалықтар